Ересектерге арналған Септаназал® мұрын бітелуі кезінде, риниттер кезінде мұрынның шырышты қабығының ісінуін азайту үшін, вазомоторлық ринит симптомдарын жеңілдету және мұрын жолына жасалған операциялардан кейін мұрынмен тыныс алудың бұзылуларын емдеу үшін қолдануға арналған.
Ересектерге арналған Септаназал® құрамында 2 компонент – ксилометазолин мен декспантенол бар, ол мұрынмен тыныс алуды жеңілдетуге көмектеседі және мұрынның шырышты қабығының зақымдануларының жазылуына ықпал етеді.
Ересектерге арналған Септаназал® спрей:
Antienna Wollina U, Nissen H-P, Kubicki J. Antientzündliche Wirkungen von Dexpanthenol. Akt Dermatol 2004; 30: 478-82. 3 Klöcker N, Rudolph P, Verse T. Evaluation of Protective and Therapeutic Effects of Dexpanthenol on Nasal Decongestants and Preservatives: Results of Cytotoxic Studies In Vitro. Ame J of Rhinology, 2004; 18 (5): 315-20
Декспантенол – пантотен қшқылының туындысы (В5 дәрумені). Декспантенол тері жасушаларындағы зат алмасуды жақсартып, зақымданулары кезінде олардың регенерациясын жеделдетеді. Табиғи ылғалдандырғыш, жұмсартатын және емдеп жазатын қасиеттерінің арқасында, ол теріге арналған косметикалық құралдарда және балаларға арналған кремдерде жиі пайдаланылады. Мұрынның шырышты қабығын кешенді емдеу, қалпына келтіру және ылғалдау үшін тұмауға қарсы дәрілерге декспантенолды да қосады.
Декспантенол туралы толығырақAntienna Wollina U, Nissen H-P, Kubicki J. Antientzündliche Wirkungen von Dexpanthenol. Akt Dermatol 2004; 30: 478-82. 3 Klöcker N, Rudolph P, Verse T. Evaluation of Protective and Therapeutic Effects of Dexpanthenol on Nasal Decongestants and Preservatives: Results of Cytotoxic Studies In Vitro. Ame J of Rhinology, 2004; 18 (5): 315-20
Мұрын – бұл тыныс алу жүйесі ағзаларының қорғанысының алғашқы желісі. Тұмау кезінде мұрынның шырышты қабығы құрғап, жағымсыз ашыту сезімдерін тудырып қана қоймай, оның қорғаныс функцияларын да әлсіретеді және инфекция түсу қаупін едәуір арттырады. Шырышты қабықтың құрғақтығы көбінесе мұрынжұтқыншақ ауруларына себеп болады. Мұрынның бітелуі 2-3 күн ішінде туындауы мүмкін, ол жай-күйге теріс әсерін тигізеді: тыныстың тарылуына, иіс сезбей қалуға және мазасыз ұйқыға алып келеді. Сондықтан, емді дер кезінде бастау және тұмау мен мұрын бітелуіне қарсы қолайлы дәріні таңдау маңызды.
Мұрын бітелуі туралы толығырақПискунов, C. З. (1993). Физиология и патофизиология носа и околоносовых пазух. Российская ринология, 1, 27.
Ол айтарлықтай кішкентай, тыныс жолдары қысқа, сондықтан оған ерекше күтім қажет.
Ересектер жылына 2-5 рет, балалар – 3 есе жиі науқастанады. Сәбидің организмі әлі де өзінің иммунитетін қалыптастырып үлгермейді, және ересектерге қарағанда, балаларға тұмауды жеңу едәуір қиынырақ.
Erdes, C. И., & Leonevskaya, N. M. (2009). Rhinitis in infants. Questions of modern pediatry, 8(4)
Ересектерге арналған Септаназалды жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға бола ма?
Жоқ, жүкті және бала емізетін әйелдерге Септаназалды пайдалануға болмайды
Ересектерге арналған Септаназалды қаншалықты жиі қолдануға болады?
Ересектерге арналған Септаназалды күніне 3 ретке дейін қолдануға болады
Септаназал спрейімен емдеудің ең көп ұзақтығы қандай?
Емдеу ұзақтығы 7 күнді құрайды. Тек бірнеше күн үзілістен соң ғана қайта қолдануға болады
Құтыны ашқаннан кейін қанша уақыт пайдалануға болады?
Құтыны ашқаннан кейін қолдану мерзімі – 12 ай